Accessibility links

Колумбия университеті Түркменстанда филиал ашуы мүмкін


Нью-Йорктегі Колумбия университеті Түркменстан астанасы Ашхабатта филиалын ашуы мүмкін деп хабарлайды Азаттық радиосының түркмен қызметі.

Колумбия университетінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша директоры Роберт Хорнсбидің мәлімдеуінше, соңғы екі жылда Колумбия университеті мен Түркменстанның үкімет ресмилері білім саласында бірқатар алмасу бағдарламаларын жасаған. 2007 жылы түркмен президенті Гұрбангұлы Бердымұхаммедов бұл университетте сөз сөйлеген болатын.

Колумбия университетіне таяуда бір түркмен студенті тәуелсіз түрде қабылданған еді. Хорнсби университетімізде түркмен студенттерінің саны көбейеді деп үміттенемін деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG