Accessibility links

Дағыстан полициясы үш көтерілісшіні атып өлтірді


Ресейдің Дағыстан республикасында полициямен болған қарулы қақтығыста үш бүлікші өлтірілген.

Жергілікті қауіпсіздік ресмилерінің "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, сенбі күнгі бұл атыс Кизлиар аймағында орын алған. Дағыстандық ресмилердің сөзіне қарағанда, ол қақтығыста көтерілісшілердің жетекшісі де қаза тапқан, бірақ оның нақты кім екені айтылмай отыр.

Ресейдің Кавказ аймағындағы жағдай соңғы айларда тұрақсызданып, көтерілісшілер Кремлге жақын жергілікті билік басшылары мен полиция қызметкерлеріне шабуылын ұлғайтып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG