Accessibility links

Қырғыз оппозициясының депутаты иммунитетінен айырылды


Қырғыз заңшығарушылары оппозициялық саясаткерді депутаттық иммунитетінен айырды. Сыншылардың айтуынша бұл қадам елде саяси репрессияның басталғанын білдіруі мүмкін.

Парламенттегі дауыс берулер оппозициялық социал демократтар партиясының мүшесі Кубанычбек Қадыровқа президент сайлауы күні жаппай тәртіпсіздік әрекеттерін ұйымдастырды әрі тамыз айындағы сайлаулар кезінде үкіметті құлатуға әкелетін қақтығысқа шақырды деген айыптар тақты. Қадыровтың өзі ол айыптауларды мойындамайды.

Президент Құрманбек Бакиев сайлауда екінші мерзімге сайланды, бірақ халықаралық бақылаушылар дауыс берулер барысында жаппай заңбұзушылартар болды деген. Бүгінде парламентте президенттің Ақжол партиясы үстемдік құрып отыр.

Социал демократиялық партия жетекшісі Алмазбек Атамбаев бұл қадамдар биліктің өз қарсыластарын құртқысы келетінін көрсетуде дейді.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG