Accessibility links

НАТО Ресеймен зымыран қорғанысы бойынша жұмыс істегісі келеді


НАТО бас хатшысы Ресейді зымыран қорғанысы бойынша жұмыс жасауға шақырып, ең аяғы АҚШ, НАТО және Ресейдің зымыранға қарсы жүйелерін байланыстыратын жолдарды қарастыруды ұсынды.

Оның алдында бір күн бұрын Вашингтон Ресей қарсы болып келген Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартқан болатын.

Андерс Фог Расмуссен Ресей мен альянс алда тұрған қауіпсіздік мәселелерін бірігіп қарастыруы керек деді.

Ресейдің НАТО-дағы өкілі Дмитрий Рогозин Расмуссеннің мәлімдемесін “оң бағытта әрі өте құрылымды” деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG