Accessibility links

Мыңдаған тайландтық үкіметке қарсы шеру өткізді


Бүгін Бангкокта қызыл киінген мыңдаған шеруші бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаваттың әскери төңкеріспен биліктен кетірілген 3 жылдығын атап өтуге жиналды.

Қауіпсіздік шаралары күшейтілгеніне қарамастан, “Қызыл көйлек кигендер” қозғалысы қазіргі премьер-министр Аписит Ветчачиваның орнынан кетуін, елде сайлаулар өткізілуін қалайтындықтарын айтады.

2006 жылдың 19-шы қыркүйегінде мемлекеттік төңкеріспен келген билік үш жыл бойы саяси дағдарысты реттей алмай келеді деген Таксиннің жақтастары үкіметке қарсы шерулер жасап келеді.
XS
SM
MD
LG