Accessibility links

Ауғанстанда даниялық сарбаз мерт болды


Дания армиясы Ауғанстанның оңтүстігіндегі патруль кезінде орын алған атыста бір әскері мерт болып, екіншісі жараланғанын хабарлауда.

Копенгагендегі Армия қолбасшылығы даниялық күштер Хельманд провинциясын күзетіп жүргенде бүлікшілер шабуылына тап болды деген.

Дания Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштерге қосылған 2002 жылдан бері 25 сарбазынан айрылды. Бүгінде Ауғанстанда бұл елдің 700 жасағы НАТО күштерінде қызмет етуде.
XS
SM
MD
LG