Accessibility links

Обама: Ғаламдық қаржы жүйесін тұрақтандыруда прогресс бар


АҚШ президенті Барак Обама әлемнің жетекші экономикалық күштері ғаламдық қаржы жүйесін тұрақтандыруда прогрестер жасауда деп мәлімдеді.

Бірақ апталық радио жолдауында Обама әлі де қажетті жұмыс орнын ашу мен өсімге байланысты көп жұмыс бар деген. Ол сонымен бірге алдағы аптада АҚШ-тың Питсбург қаласында өтетін Үлкен сегіздік тобының саммитінде ғаламдық қаржы жүйесін сақтайтын және әлемдегі реттеу жұмыстарының кем тұстарын жабуды талқылайтын боламыз деп айтты.

Әлемнің өнеркәсібі дамыған 20 елінің екі күндік саммиті қыркүйектің 24-інде басталады.
XS
SM
MD
LG