Accessibility links

Түркменстан Қытай мен Иранға газ құбырын ашады


Түркменстандық ақпарат құралдары жазып жатқандай, ресми Ашхабад желтоқсан айында екі жаңа газ құбыры арқылы Қытай мен Иранға газ жеткізетін болады.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов бұл туралы сенбі күні теледидарда айтып, “құбырлардың іске қосылуы Түркменстанның энергетикалық стратегиясын жүзеге асырудағы тағы бір маңызды қадамы болады” деген.

Түркменстан осыған дейін газының көп бөлігін Ресейге беріп келген. Алайда сәуір айындағы газ құбырының жарылысына түркмен елі Ресейдің Газпром компаниясын айыптаған соң, газ экспорты тоқтап қалған.

Құбыр жолы жөнделгенімен, Ресейге газ жөнелту қайта жалғаспады. Бұл Түрменстанға айына шамамен 1 млд доллар шығын әкелді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG