Accessibility links

Тәжікстанда полиция офицерін атып өлтірген


Тәжікстанның Исфара қаласында жоғары шенді полиция офицерін атып кетті.

Тәжік ресмилерінің сенбі күні хабарлауынша, Исфара қаласындағы аудандық қылмыстық істерді тергеу департаментінің басшысы Саидумар Саидов жұма күні өз үйінен шығып бара жатқанда, белгісіз біреулер оның басынан екі рет атқан.

Осы жылдың басында Исфарада екі полиция қызметкері шабуылға тап болған. Ресмилер ол шабуылдарға діни экстремистік топтарды айыптаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG