Accessibility links

ЕҚЫҰ: Жовтистің апелляциялық шағымы әділ қаралуы тиіс


Сенбі күні Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Қазақстан билігін белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің апелляциялық шағымы бойынша соты әділетті түрде өтуін қамтамасыз етуге шақырды.

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі кеңесі директорының бірінші орынбасары Дуглас Уэйк журналистерге айтқанында, “Біз Евгений Жовтистің соты кезінде болған бірқатар заңбұзушылықтар туралы өз алаңдаушылығымызды қазақ үкіметіне жеткізгенбіз” деді.

Осы айдың басында қазақ соты Жовтисті адам өліміне әкелген көлік апатында жол тәртібін бұзды деген айыппен 4 жылға түрмеге жапқан. Оның қолдаушылары бұл істің саяси астары бар деп айтады.
XS
SM
MD
LG