Accessibility links

Мулла Омардың мәлімдемесіне АҚШ пен НАТО пікір білдірмеді


Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ бастаған күштер ауғандық талибандар жетекшісі Мулла Омардың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Талибандар өкілі Қари Юсуф өздерінің вебсайтында жарияланған мәлімдеме бүркеусіз шындық деп айтқан.

Мұсылман қауымның ораза айт мерекесіне орай жарияланған ол мәлімдемесінде Мулла Омар Ауғанстандағы Батыс күштері жеңіліп бара жатыр дей келе, олар Ауғанстанның соғыс тарихынан сабақ алуы керек деген.

Американдық қолбасшылық 2001 АҚШ бастаған күштер Ауғанстанға басып кірген соң, биліктен құлатылған Мулла Омар Пәкістанда тығылып жүруі мүмкін деп айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG