Accessibility links

АҚШ-та террорға қатысты күдіктелген 2 ауғандық ұсталды


АҚШ-тың орталық Колорадо штатында тегі ауғандық екі адам терроризм бойынша күдіктеліп қамауға алынды.

24 жастағы Нажибулла Зази мен оның әкесі сенбі күні Денвер қаласына жақын жерде ұсталды.

Колорададағы әуежайда көлік жүргізушісі болып істеген Зазиді өткен аптада Федералды тергеушілер үш күн сұраққа алған болатын.

Ол әл-Қаида тобымен байланысы бар деп күдіктелген. Бірақ Зази Нажибулла өзінің терроризммен байланысын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG