Accessibility links

Израиль мен Палестина басшылары АҚШ-тағы кездесуге баруға келісті


Бүгін Израиль мен Палестина жетекшілері президент Барак Обаманың үшжақты кездесуге шақырғанын қабылдады.

Қыркүйектің 22-сі күні өтетін Таяу шығыстағы жағдайды реттеуге бағытталған кездесуге АҚШ президенті төрағалық етпекші.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Палестина президенті Махмуд Аббастың қатысуымен болатын кездесу БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясының жиыны аясында өтпекші.

Обама алдымен екі елдің жетекшісімен жеке-жеке кездеседі, кейін үшжақты келіссөздер жүргізіледі. Онда басты назар Израильдің Батыс жағалауға қоныстануына байланысты даулы мәселеге аударылады.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG