Accessibility links

Пәкістанда АҚШ елшілігін қорғайтын фирмадан заңсыз қарулар табылды


Пәкістан полициясы Исламабадтағы АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пәкістандық күзет фирмасына тексеру жүргізді.

Жекеменшік фирманың кеңселеріне жүргізілген рейд кезінде 70 шақты заңсыз қару, 61 мылтық және тоғыз тапанша табылған.

АҚШ елшілігінің өкілі "Интер-Риск" компаниясымен Пәкістандағы Құрама Штаттар миссиясын қорғауға көмектесу бойынша келісім шарт жасалғанын растады.

Пәкістан полициясының өкілі тексеру шаралары мұсылмандардың ораза айт мерекесіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG