Accessibility links

Қытай президенті ел дамуы жаңа проблемаларға тап болды деді


Бүгін Қытай президенті Ху Дзиньтао елдің қарқынды дамуы бірқатар жаңа проблемаларға бетпе-бет келіп отыр, оның ішінде әлеуметтік тұрақтылық мәселесі деп айтты.

Ол жексенбі күнгі бұл мәлімдемесінде, батыстық үлгідегі демократия Қытайға тән емес деді. Ол коммунистік партия халықаралық қаржы дағдарысының ықпалын азайту мен экономикалық өсімді нығайту тұрғысында қиын жұмыстар жасады деп айтты.

Сонымен бірге Қытайда адамдардың өмірін жақсарту мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысында қиын мақсаттар алдымызда тұр деді президент Ху Дзиньтоа.

Оның мәлімдемесі Қытайдың ұлттық мерекесіне 10 күн қалғанда айтылып отыр. Және ол әлеуметтік тұрақтылық мәселесі жайлы елдің солтүстік-батысындағы Шыңжаң өлкесіндегі этникалық қақтығыстардың басылмай отырған шағында мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG