Accessibility links

Британия: Иран ядролық қаупін азайтатын қадамдар жасау керек


Британия Иран әлемнің жетекші елдерімен келіссөздер алдында ядролық жұмыстары бейбіт мақсатта екенін көрсететін нақты қадамдар жасауы керек деп мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд жексенбі күнгі мәлімдемесінде, Иранның ядролық қару таратпау келісімі аясында өмір сүргісі келетінін дәлелдейтін уақыт келді деген.

Милибэнд АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның осыған дейін айтқанын қайталады. Онда Клинтон ханым Иранның ядролық бағдарламасына қатысты айтылған алаңдаушылықтарға жауап беретін уақыт жетті деген.

Бұл мәселе БҰҰ-ның қазанның 1-дегі отырысында басты тақырып ретінде қаралатын болады деп айтты АҚШ мемлекеттік хатшысы.
XS
SM
MD
LG