Accessibility links

Ресей азаматы доңыз тұмауынан қаза болды


Ресейде алғашқы рет H1N1 тұмауынан өлу жағдайы тіркелді деп хабарлады елдің вирусология институтының директоры Дмитрий Львов.

Оның айтуынша, бұл осыдан үш апта бұрын болған – Болгариядан оралған әйел осы кеселден көз жұмған. Науқас екі апта ауырған, одан соң оны мәскеулік ауруханаға ауыстырған, қайтыс болардан бір күн бұрын оған диагноз қойылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұма күнгі хабарына қарағанда, әлемде доңыз тұмауынан 3486 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG