Accessibility links

Италия Ауғанстанда қаза тапқан сарбаздарын аза тұтады


Бүгін Италияда өзінің алты сарбазының Ауғанстандағы жарылыстан қаза табуына байланысты азалы күн жарияланды.

Римде мемлекеттік жерлеу рәсімдері өтеді.

Бейсенбі күні бір жанкешті жарылғыш орнатылған көлікпен Кабулдегі итальяндық әскери автоколоннаға соғылды. Соның салдарынан итальяндық сарбаздар мен жергілікті 10 бейбіт тұрғын қаза болды. Бұл шабуылдың жауапкершілігін талибан өз мойнына алды.

Ауғанстанда 3 мыңнан астам итальяндық сарбаз бар.
XS
SM
MD
LG