Accessibility links

Алматыда «Жасау» компаниясының үлескерлері наразылық науқанын бастайды


Дүйсенбі күні «Жасау» ЖШС құрылыс компаниясының 38 үлескері наразылық науқанын жариялайды.

Үлескер Ақкүміс Салқанованың Азаттық радиосына хабарлауынша, ондаған үлескерлер жаңадан тұрғызылған үйдегі пәтерлерінен айрылып қалуы мүмкін деп қорқады. Бұл туралы үлескерлердің өздері журналистерге арналған брифингте жариялауды көздеп отыр.

Сейсенбі күні Алматы қалалық соты үлескерлердің апелляциялық арызын қарайды.

2009 жылы 30 шілдеде Медеу аудандық соты құрылыс компаниясы мен үлесекерлер арасындағы келісімшарттың күшін жою туралы шешім шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG