Accessibility links

Президент Назарбаев айт мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Астана қаласындағы орталық мешітке барып, қазақстандық мұсылмандарды ораза айт мерекесімен құттықтады деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барша мұсылмандарына ізгі тілектер тіледі.

«30 күн тұтқан Оразада тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Сол тілектеріңізді Алла қабыл етсін. Қазақстан халқы бейбіт, тұрақты және достықта өмір сүрсін. Бұл біздің елімізге өсіп-өркендеу әкеледі»,- деді президент.
XS
SM
MD
LG