Accessibility links

Ош абақтысынан қашқандардың біреуі ұсталды


Қырғызстанда мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ош облыстық басқармасының тергеу абақтысынан қашқандардың біреуі ұсталды деп хабарлады Азаттықтың қырғыз қызметі.

Бұған дейін комитеттің тергеу абақтысындағы үш кісінің қыркүйектің 17-і күні абақтыдан қашып кеткендігі хабарланған еді. Қазіргі таңда абақтыдан қашқандарды ұстауды көздейтін «Кармоо» операциясы жалғасуда.

Абақтыдан қашқан бұл азаматтарға елде тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» ұйымына мүше деген айып тағылып отыр, солардың біреуі – 32 жастағы Шухрат Пайзуллаев көрші елге тыңшылық көмек көрсеткен деп айыпталған. Қолға түскен азаматтың аты-жөні хабарланбады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG