Accessibility links

Итальяндық Молинари Kazakhstan Open гольф турнирінде жеңіске жетті


Жексенбі күні Алматы қаласында бесінші халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі аяқталды. Төрт күнге созылған біріншілікте 268 соққы (-20) жасаған 28 жасар итальяндық Эдоардо Молинари турнирдің жеңімпазы атанды.

Ал одан үш соққы көп жұмсаған ағылшын Крис Гэйн екінші орынға көтерілді. Қола жүлдені ұпай саны бір швед Питер Густафссон мен Гарет Пэддисон бөлісті: 274 соққы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG