Accessibility links

«Ысқақов ісінде» бүркеме атпен жазылған мәлімдеменің авторы анықталды


Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «бюджет қаржысын ұрлаған» деп күдіктелетін бұрынғы басшыларымен бірге әрекет еткен деп айыпталушы «Меркурий плюс» компаниясының өкілі Әділбек Жаялғанов, дүйсенбі күні сотта сөйлеген соңғы сөзінде, қылмыстық істі қозғауға түрткі болған бүркеншік мәлімдеменің авторы екендігін мәлімдеді» деп хабарлады «Новости-Казахстан» агенттігі.

Алайда сот Жаялғановтың бұл мәлімдемесін іс материалдарына қосу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов және оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаев мемлекеттік сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1,172 миллиард теңге (шамамен 7,8 миллион доллар) мөлшерінде бюджет қаржысын жымқырған деп айыпталып отыр. Осы істің «Меркурий плюс» компаниясының өкілі Әділбек Жайылғановқа да қатысы бар.

Мемлекеттік айыптаушы соттан экс-министр Нұрлан Ысқақовты жалпы режимдегі түзету колониясына жеті жылға, ал Әділбек Жайылғановты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG