Accessibility links

Сербияда тағы бір турист соққыға жығылды


Сербия астанасы Белградта австралиялық туристке шабуыл жасалып, оның басына зақым келген. Бұл соңғы 4 күн ішінде Сербияда шетел азаматына жасалып отырған екінші шабуыл. Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні Бағдад орталығында 25 жастағы азаматқа шабуылдаған топ қазір іздестіріліп жатыр.

Сонымен қатар бейсенбі күні Белградта соққыға жығылған 28 жастағы француз азаматының жағдайы ауыр халде деп хабарланып отыр.

Сербия астанасында сенбі күні жоспарланған гейлердің парады зорлық-зомбылыққа байланысты алаңдаушылықтарға орай кейінге қалдырылды. Гомосексуалдардың 2001 жылғы шеруі қақтығыспен аяқталған болатын.
XS
SM
MD
LG