Accessibility links

Израиль қоныстарын кеңейтуді тоқтатпайды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху осы аптада АҚШ президенті Барак Обамамен және Палестина жетекшісі Махмуд Аббаспен кездесуі барысында басып алынған Батыс жағалауда еврейлердің қоныстарын кеңейту мәселесін қорғамақшы. Нетаняхудың баспасөз хатшысы сейсенбі күнгі үшжақты кездесу алдын-ала шарт қоймастан өткізіледі деп хабарлады.

Өткен аптада АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Джордж Митчелдің қоныстардың кеңейтілуін тоқтатуға қатысты келіссөздері сәтсіздікке ұшыраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG