Accessibility links

Италия Кабулда мерт болған сарбаздарына аза тұтуда


Бүгін Италия ұлттық аза тұту жариялап, Ауғанстанда жанкештілер шабуылынан қаза тапқан алты әскерімен қоштасты. Ол шараға елдің президенті мен премьер-министрі қатысты.

Мыңдаған итальяндық көше бойына тізіліп, әскери көліктерге салынған сарбаздар мәйітін жерлеу рәсімі өтетін жерге дейін шығарып салды.

Бейсенбі күні Кабул қаласында болған жанкештілік шабуылдан Италияның алты әскері мерт болып, төртеуі жараланған. Тағы төрт ауғандық қаза тапты.

Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды.

Бүгінде Ауғанстанда Италияның 3 мыңнан аса жасағы НАТО бастаған күштер қатарында қызмет етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG