Accessibility links

Макаров: Ресей тек бірлескен зымыран қорғанысын қалайды


Ресейдің қарулы күштер бас штабының басшысы Николай Макаров Ресейдің қатысуын шектейтін Құрама Штаттардың қандайда бір зымыран қорғанысын құруға Мәскеу қарсылық танытады деді.

Швейцарияда сапармен жүрген Макаровтың айтуынша, Мәскеу тек бірлескен зымыран қорғанысы жүйесін қабылдауы мүмкін.

Өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама өзінің алдындағы президент Джордж Буштың кезіндегі Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартатындықтарын мәлімдеген. Бұл жоспарға Ресей қарсылық танытып келген болатын.

Сенбі күні Ресейдің қорғаныс вице-министрі Владимир Поповкин АҚШ-тың қадамына жауап ретінде Ресей де өз шараларын тоқтатады деген еді. Оған қатысты Макаров әзірге ол туралы шешім қабылданған жоқ, ол саяси шешім болуы керек. Және оны президент шешуі керек деді.

Ресей егер Вашингтон Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатса, өздері қысқа қашықтықтағы зымырандарын Калининградта орнататындықтарын айтып келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG