Accessibility links

Ашықбаев: Қазақстан Жовтистің ісін әділ қарауға кепілдік береді


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Астананың ЕҚЫҰ-на төрағалыққа дайындығы туралы мәселелер талқыланды. Алқа жиынынан кейін СІМ нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев журналистер сұрағына жауап бере келе, Қазақстан белгілі құқық қорғаушы Евгений Жостистің апелляциялық сотының әділ өтуін қамтамасыз етуге кепілдік береді деді.

Сенбі күні Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Қазақстан билігін белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің апелляциялық шағымы бойынша соты әділетті түрде өтуін қамтамасыз етуге шақырған болатын.

Атылмыш ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі кеңесі директорының бірінші орынбасары Дуглас Уэйк сенбі күні қамауда отырған Евгений Жовтиспен кездескен.

Дуглас Уйэк журналистерге айтқанында, “Біз Евгений Жовтистің соты кезінде болған бірқатар заңбұзушылықтар туралы өз алаңдаушылығымызды қазақ үкіметіне жеткізгенбіз” деді.

Осы айдың басында қазақ соты Жовтисті адам өліміне әкелген көлік апатында жол тәртібін бұзды деген айыппен 4 жылға түрмеге жапқан. Оның қолдаушылары бұл істің саяси астары бар деп айтады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG