Accessibility links

ЕЫДҰ: Еуропалық банктердің жағдайы нашарлай түсуі мүмкін


Бүгін жарық көрген халықаралық баяндамада қаржы дағдарысынан туындаған қиындықтар Еуропалық банктерге бұрынғы бағалағаннан да қатты салдарын тигізуі мүмкін деп айтылды.

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының есебінде тұрақсыздық еуропалық елдердің көбінде әлі сақталып отыр делінген.

Парижде орналасқан бұл топтың зерттеулері банктердің экономикалық жағдайы ушыққан жағдайда қажетті ақшасы болмауы мүмкін деген алаңдаушылық танытып отыр.

Еуропалық Орталық Банк тек 650 млр доллар жоғалтамыз десе, Халықаралық қаржы қоры еуропалық құрлықтағы банктердің шығыны 1,1 триллионға жетеді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG