Accessibility links

Ақ үй: Ауғанстанға қосымша әскер енгізу мәселесі қаралып жатқан жоқ


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы әскери қолбасшылардан бұл елге қосымша әскер жіберу туралы әзірге ресми сұраныс алмаған.

Бұл туралы мәлімдеген Ақ үйдің өкілі Роберт Гиббс осындай ұсыныс жасалған күннің өзінде қорытынды шешім АҚШ-тың Ауғанстандағы қазіргі стратегиясын бағалау нәтижесі бойынша қабылданатын болады деп атап көрсетті.

Бұған дейін американдық Washington Post газеті генерал Стэнли МакКристал Ауғанстандағы жағдай туралы баяндамада қорғаныс министрі Роберт Гейтске содырларға дәрменді қарсылық көрсету үшін қосымша әскер қажеттігі туралы жазған деп хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG