Accessibility links

Ахмадинежад: Иранға шабуыл жасауға ешкімнің дәті жетпейді


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад әлемдегі бірде бір мемлекеттің Иранға шабуыл жасауға батылы жетпейді деп мәлімдеді. Ол бұл туралы 1980 жылғы иран-ирақ соғысының басталуы күніне қатысты ұйымдастырылған әскери шеруде айтты.

Бұған дейін АҚШ пен Израиль ядролық қару өндіріп жатыр деген қауіппен Иранның ядролық бағдарламасына қарсы соққы жасау мүмкіндігін жоққа шығармаған. Батыс елдерінің мұндай ядролық қару жайындағы айыптауларын Иран билігі жоққа шығарып келеді.

Ахмадинежад бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке барады.
XS
SM
MD
LG