Accessibility links

«Бүгін - Жовтис, ертең - сен!» акциясы жалғасады


«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы мен тәуелсіз журналист Сергей Дуванов 23 қыркүйек күні Алматының Арбатында адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты шығарылған сот шешіміне наразылық акциясын өткізеді.

Осылайша олар «Бүгін - Жовтис, ертең - сен!» атты акциясын жалғастырады.

Әр сәрсенбі сайын өткізіліп келе жатқан көпшілік акцияны екі апта бұрын журналист әрі саясаттанушы Виктор Ковтуновский бастап, өткен аптада оны тәуелсіз журналист Андрей Свиридов қоштаған еді.

Бұл екеуі де қоғамдық орында заңсыз акция өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды: Ковтуновскийге 32 мың теңге, Свиридовке 12 730 теңге айыппұл салынды.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
XS
SM
MD
LG