Accessibility links

Адвокат Бейсекеев: Жәкішев ісінен мені мәжбүрлеп шеттетті


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісінен оның қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев мәжбүрлеп шеттетілген.

Сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген адвокат Бейсекеевтің айтуынша, бұл туралы оған дүйсенбі күні ҰҚК тергеу тобының жетекшісі В. Петровский хабарлаған. Сонымен бірге, комитет өкілі оған Жәкішев ісіне жаңа адвокат шақырылғандығын жеткізген.

Қамаудағы Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмила жаңа адвокатты шақырту үшін өзінен және күйеуінен ешкім рұқсат алмағандығын және бұл жағдайды «заң тұрғысында кәсіби көмек көрсету құқығынан айыру» деп есептейтіндігін мәлімдеді.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекеттің мүлкін талан-таражға салды» деген айыппен биыл 21 мамырда тұтқындалып, содан бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG