Accessibility links

Қырғызстан электр энергиясын үнемдеуді бастамақ


Қырғызстан электр қуатын үнемдеу үшін, алдағы айдан бастап белгілі бір уақытта энергия көзін өшіріп отыратын болады.

Елдің энергетика министрі Ильяс Давыдовтың айтуынша, жарық көзі күн сайын түнгі ортасынан таңғы беске дейін жалғасады. Министрдің айтуынша, көктемге дейін жалғасатын бұл шарадан мектептер мен ауруханалар тыс қалады.

Қырғызстан айтыралықтай су электр стансалары болғанына қарамастан, үшінші қыс электр қуатының тапшылығын көріп келеді.

Үкіметтің сыншылары елдегі энергия көзінің жетіспеуі мен оны реттей алмаудың артында коррупция тұр деп айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG