Accessibility links

Иран баспасөзі әскери шеруде ұшақ апаты болғанын айтуда


Ирандық радионың хабарына қарағанда, Теһран маңында әуе күштерінің ұшағы әскери шеру кезінде құлап, жеті адам қаза тапты.

Мемлекеттік телеарналар ел астанасының оңтүстік аймағында апатқа ұшырап, жанып жатқан ұшақ қалдықтарын көрсеткен.

Ирандық ақпарат көздері құлаған қандай ұшақ екенін айтпай, тек тасымалдау ұшағы болған деп жазуда.

Хабарларға қарағанда, ұшақ Вали Абад ауылына құлаған. Бірақ кейін ол ақпарат вебсайттан алынып тасталды.
XS
SM
MD
LG