Accessibility links

Бразилия Қауіпсіздік Кеңесін шақыртуын сұрады


Гондурастағы жағдайға алаңдаулы Бразилия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын шұғыл түрде жинауды сұрады.

Бразилия басшылығы биліктен тайдырылған Гондурас президенті Мануэль Селайидің қауіпсіздігіне, сондай-ақ дипломатиялық миссияның және оның қызметкерлерінің жағдайына алаңдаушылық танытты. Қазіргі таңда Селайи Тегусигальпадағы Бразилия елшілігін паналап отыр.

Гондурастың уақытша үкіметінің басшысы Роберто Мичелетти бразилиялық елшілік аумағына басып кірмейтіндігін айтып, Селайиді өз еркімен беріліп сот алдында жауап беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG