Accessibility links

Мәжіліс допинг туралы конвенцияны мақұлдады


Парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні жалпы отырыста «Спорттағы допингпен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжат спортта допингті қолдануға қосқауыл қоюда және онымен күресуде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды көздейді.

Халықаралық конвенция 2005 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 33-ші сессиясында қабылданған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG