Accessibility links

Қаржы полициясы: «Альянс Банк» басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды


«Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Әбілқасым Мамырбеков ұсталды. Бұл туралы «Қазақстан бүгін» агенттігі қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Мамырбековты 10 қыркүйекте соттың рұқсатымен ұстаған және оған 1.1 млрд доллардың ұрлануына қатысқан деген күдікпен айып тағылып отыр.

Биыл 25 тамызда "Альянс Банк" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаевты дәл осындай айып тағу арқылы тұтқындаған болатын.
XS
SM
MD
LG