Accessibility links

Атырау зауытындағы өрттен бір адам қаза болды


Бүгін Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, бір адам қаза болды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.

Хабарларға қарағанда, өрт зауыттың сегізінші цехында шыққан. Тілсіз жаудың құшағында қалған үш адам ауруханаға жеткізілген, солардың біреуі көз жұмды.

Зауыттың шамамен 1000 шаршы метрін шарпыған өрт Астана уақыты бойынша сағат 15.51 ауыздықталды.

1945 жылы іске қосылған бұл зауыт авиациялық жанармай шығарумен айналысады.
XS
SM
MD
LG