Accessibility links

Қырғызстанның барлау қызметі өлім жазасын қайта енгізуді сұраған


Қырғызстанның құпия полициясы үкіметтен өлім жазасын оның ішінде дарға асып өлтіру сияқты қоғамдық жазалауларды қайта енгізуді сұраған. Барлау мекемесі бұл елдегі өсе түскен қылмысты тоқтатуға тетік болады деген.

Үкіметтік радиодан хабарланғандай, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мурат Суталинов Ұлттық қауіпсіздік кеңесінен өлім жазасы үкімін қайта шығаруды сұраған.

Суталиновтың пікірінше, кейбір жағдайда өлім жазаларын қоғам алдында жасаған жақсырақ болады, ол қылмыстық өршуін азайтады деген.
XS
SM
MD
LG