Accessibility links

Обама БҰҰ-да алғаш рет сөз сөйледі


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясындағы өзінің алғашқы сөзін сөйледі. Обама әлем жетекшілерін ғаламдық жылынумен күресте көбірек жауапкершілік алуға шақырды.

Ол келешегімізді қауіпсіз етуге қажетті төрт нәрсе деп, ядролық қарусыздану, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, планетамызды сақтау және барлық адамға мүмкіндіктер ашатын ғаламдық экономиканы дамыту деп атап өтті.

АҚШ президенті Иран мен Солтүстік Корея өздерінің ядролық бағдарламаларымен қауіп тудырып отыр, егер олар халықаралық қауіпсіздік алдында ядролық қарулануын жалғастыра берсе қажетті жауап берілуі керек деген.

Және Обама Таяу шығыста бейбітшілікке жету маңыздылығына тоқталды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG