Accessibility links

Гондурастағы толқулардан екі адам қаза болды


Гондураста биліктен тайдырылған президент Мануэль Селайи елге қайтып оралғаннан кейінгі толқулар барысында екі адам қаза болды деп хабарлайды «Би-Би-Си».

Гондурастың ұлттық полициясының өкілі Орлин Серратоның мәліметі бойынша, толқулар барысында 113 адам ұсталған. Олар тонаушылық пен жолды бөгеу әрекеттерін жасаған деп айыпталып отыр.

Биліктен тайдырылған Гондурас президенті Мануэль Селайи сейсенбі күні құпия түрде елге оралғалы бері Бразилия елшілігін паналап келеді. Бразилия әлемдік қауымдастықты Гондурастағы саяси дағдарысты шешуді көздейтін шаралар қабылдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG