Accessibility links

Ахмадинежад БҰҰ-да Израильді сынады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде, Израильді палестина аумағында «адамгершілікке жат саясат» жүргізіп, әлемдік саяси және экономикалық мәселелерде басымдық танытып отыр деп айыптады.

Ахмадинежад өзінің ядролық амбициясына байланысты Теһранның батыс елдерімен теке-тіресіне қатысты ештеме айтқан жоқ. Бірақ ол, Ирақ пен Ауғанстандағы соғысқа тоқтала отырып, шетел күштері Таяу Шығыста «соғыс, қантөгіс, үрей және қорқыныш» таратып отыр деп мәлімдеді.

Батыстың көптеген делегациялары Ахмадинежад баяндамасы кезінде залды тастап шықты.
XS
SM
MD
LG