Accessibility links

Қабылдин: Атырауда өртенген зауыт толық ауқымда жұмыс істеп тұр


Бір күн бұрын өртенген Атырау мұнай өңдеу зауыты толық ауқымда жұмыс істеп тұр деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» президенті Қайыргелді Қабылдин. Бейсенбі күні журналистерге жауап берген Қабылдин өрт салдарынан техникалық қондырғылардың ешқайсысы істен шықпағандығын атап көрсетті.

Сәрсенбі күні Атырау мұнай өңдеу заутының сегізінші цехында өрт шығып, соның салдарынан денесін күйік шалған бір жұмысшы қаза болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, өртке зауыттың қоқыс қалдықтарын ұстап қалу міндетін атқаратын сегізінші цехтағы құбырларды құрастыру жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай қалдықтарының тұтануы себеп болған.
XS
SM
MD
LG