Accessibility links

Құлыбаев «Маңғыстаумұнайгаздың» қашан сатылатындығын хабарлады


Қазақстандық «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын сату туралы келісім қазан айында аяқталады деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Бейсенбі күні Астанада Еуразиялық энергетикалық форум аясында журналистердің сұрағына жауап берген Құлыбаев келісімнің ауқымды екендігін, сондай-ақ заң және салық тексерулері жүргізілгендігін айтып өтті.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы Қазақстандағы 36 мұнай-газ кен орындарына иелік етеді.
XS
SM
MD
LG