Accessibility links

Маоның немересі Қытайда ең жас генерал атанды


Мао Цзэдунның жалғыз немересі ҚХР қарулы күштерінің ең жас генералы атанды. 39 жасар әскери тарихшы Мао Синью төраға Маоның екінші ұлы Мао Аньциннің ұлы.

Мемлекеттік «Янцзы Дэйли» басылымы тағайындаудың «жақында ғана» болғандығын және Мао Синью 70-ші жылдары туған ұрпақтың арасынан шыққан алғашқы генерал екендігін хабарлады.

Төраға Мао деген атпен танымал Мао Цзэдун ондаған жылдарға созылған революцияның нәтижесінде Чан Кай-ши билігін тайдырып, 1949 жылы Қытай Халық Республикасын құрды. Төрағаның темір тізгініндегі билік 1977 жылы Мао өлгенде ғана босады. Мао төрт мәрте үйленген және оның тоғыз баласы болған.
XS
SM
MD
LG