Accessibility links

Обама Қауіпсіздік кеңесі кездесуінде төрағалық етпек


АҚШ президенті Барак Обама бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздануға байланысты арнайы кездесуінде төрағалық етеді.

Бұл кездесу БҰҰ бас ассамблеясының жылдық саммиті барысында өтеді. Оған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің жетекшілері қатысады деп күтілуде.

Осыдан бір күн бұрын Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев екі ел арасында ядролық қаруды шектеу туралы жаңа келісімді жылдың аяғына дейін қабылдауға сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG