Accessibility links

"Автоваз" 27 мыңнан аса жұмыс орнын қысқартпақ


Ресейдің "Автоваз" компаниясы осы жылы қызметкерлерінің төрттен бір бөлігінен көбін қысқартатынын хабарлады.

Жеңіл көлік шығаратын бұл компания шамамен 27 мың 600 жұмыс орны қысқарады деп мәлімдеді. "Автоваздың" 25 пайыз акциясына Францияның Renault компаниясы ие.

Өткен аптада ГАЗ компаниясы осы жылдың аяғына дейін 14 мың қызметкерін жұмыстан босатады деп хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG