Accessibility links

Израильде Ольмерттің соты басталады


Израильде бүгін елдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмертке қатысты сот басталады. Ол сыбайласқан жемқорлық жасаған деген күдікпен айыпқа тартылып отыр.

Ольмерттің адвокаттарының өтініші бойынша сот процесі белгіленген мерзімнен бірнеше күн бұрын басталды. Ольмертке Иерусалим мэрі болып тұрған кезде американдық кәсіпкерден заңсыз қаржы алып тұрды және шетелге сапарлары кезінде шығынды көп шығарды деген айыптар тағылып отыр. Ольмерт бұл айыптарды жоққа шығарады.

Сыбайласқан жемқорлыққа қатысты жанжалға байланысты Ольмерт өткен жылы премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG