Accessibility links

Рамзан Қадыровтың адам құқығын қорғаушыға қарсы шағымы сотта қаралады


Мәскеудің Тверь соты Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың «Мемориал» адам құқығын қорғау орталығының басшысы Олег Орловқа қарсы ар-ожданы мен іскерлік беделін қорғау туралы шағымы қаралады.

Бұған дейін Орлов адам құқығын қорғаушы Наталья Эстемирова өлімінің жауапкершілігі Қадыровтың мойнында деп мәлімдеген болатын. Шешенстан президенті соттан Орловтың осы мәлімдемесін жоққа шығарып, 10 миллион рубль көлемінде моралдық шығын төлеуін талап етіп отыр.

Қадыров, сондай-ақ, Мәскеудің мемлекеттік ішкі істер басқармасына Орловқа қарсы қылмыстық іс қозғауын өтінген.
XS
SM
MD
LG